Ақмола облысы Бұланды ауданының №2 Никольское жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары Максим Журавлев пен Асанали Әшімов телефонды немесе басқа құрылғыны электр желілері болмаған жағдайда зарядтауға мүмкіндік беретін қол электр генераторын жасап шығарды, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.
“Біз механикалық тұтқаны пайдаланып, кез келген ұсақ құрылғыны зарядтауға мүмкіндік беретін қол генераторын жасап, құрастырдық. Бұл құрылғының тасымалдануын ескере отырып, оны алыс қашықтыққа оңай тасымалдауға болады және шұғыл немесе төтенше жағдайларда байланыссыз қалатынынан қорықпайсыз”, – дейді оқушылар.
Ғылыми жобалар байқауының аудандық және облыстық кезеңінде оқушылар бірінші орын алған. Одан кейін, Бішкек қаласында өткен “Біз ХХ ғасырдың зиялыларымыз” халықаралық байқауына қатысқан.
Бұл байқауда Журавлев Максим мен Әшімов Асанали “Жаңа теориялық әзірлемелер мен модельдер” номинациясы бойынша “Қол генераторы” жобасы үшінші орынға ие болған.