Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға дейін ұзартылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
«Өңірлерде қосымша орын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпарат дүйсенбі күні жарияланады», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, министрлік бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен оқуды сұрады.