Елімізде өткен жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаржыға 43 мектеп салынды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, осылайша елімізде үш апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілген. Өңірлерде жаңа білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде тағы 54,4 мың жаңа мектеп пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Алматы және Түркістан облыстарында – сегіз мектептен, ал елордада – 10 мектеп салынды.

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен барлығы 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Жобалардың жалпы сомасы 96 миллиард теңгеден асады. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың шотына түскен.

Министрлік қордың қызмет ету мерзімі ішінде 150 миллиард теңгеден астам қаражат түскенін атап өтті. Олар мектептерді, қосымша ғимараттар мен интернаттарды қайта жаңартуға, сонымен қатар үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мәселесін шешуге және мектеп тапшылығын жоюға жұмсалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз