Қытай, Малайзия және Тайвань секілді елдерде мұғалімдер асқақ мәртебеге ие болғысы келсе аудиториямен жұмыс жасай білуі тиіс. Сәйкесінше, халықаралық зерттеу нәтижелеріне сәйкес бұл елдерде қоғам тарапынан ұстазға деген құрмет өте жоғары.
Алайда Ұлыбритания Ұлттық экономика институты және Варкей қорының деректеріне сәйкес Бразилия, Израиль, Италия секілді елдерде ұстаздар қауымының “статус индексі” мүлде басқаша.
Қытай 35 мың адамнан алынған сауалнама бойынша 81 пайызбен оқушылар ұстазына ең көп құрмет көрсететін ел ретінде көш бастап тұр. Әлемдік рейтінгпен салыстырар болсақ бұл ғаламдағы ұстаздарға көрсетілетін құрметтің 36 пайызы Қытайдың еншісінде екендігін көрсетеді.
Сыйлау мәдениеті
Еуропа мен Оңтүстік Америкада «студенттердің мұғалімдерге деген құрметінде пессимизмнің жоғары екендігі» байқалған.
Мұндай құрмет, әсіресе, Оңтүстік Корея, Сингапур секілді Азия елдерінде күштірек.
Бұл елдердегі оқушылар халықаралық сынақтарда да үздік екендігін атап өткен жөн. Зерттеушілердің пікірінше, биік бағаланған педагогикалық мамандық талантты қызметкерлерді тарту арқылы жоғары стандарттарға қол жеткізе алады деген болжамда.
Бұл мамандық мерейінің қаншалықты үстем екендігін білу үшін көп адамнан балаларының педагог болғандығын қаншалықты қалайтынын сұрау арқылы анықтауға болады.
Қытай, Индия және Ганада отбасылардың басым көпшілігі балаларының мұғалім болғандығын қалайды.
Ресей, Израиль және Жапонияда керісінше халық балаларын бұл мамандықтан ұзақ ұстауға тырысады.
Ұлыбританияда үлкендердің 23 пайызы ғана балаларының мұғалім болғанын қалайды.
Қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеу тарапы мұғалімдердің жұмыс барысын да барлап көрді.
Мұғалімдердің жұмыс сағаты кейбір елдерде дұрыс бағаланбайды. Ондай елдердің қатарында Жаңа Зеландия, Панама және Египет бар.
BBC-дің хабарлауынша, білім жүйесі жөнінен үздіктер Канада мен Финляндия халқында ұстаздар өз ойлағандарынан да көп жұмыс жасайды деген түсінік қалыптасқан.
Мұғалімнің мәртебесі жоғары 10 мемлекет:
- Қытай
- Малайзия
- Тайвань
- Ресей
- Индонезия
- Оңтүстік Корея
- Түркия
- Индия
- Жаңа Зеландия
- Сингапур