Ресейдегі жол апатында зардап шеккен қазақстандықтар жан сақтау бөлімінде

0
101
https://saratov24.tv/

17 қарашада Саратов облысында орын алған жол апатынан ауруханаға түскен қазақстандықтар жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Осыдан екі күн бұрын қазақстандық автобус Ресей Федерациясының Саратов облысында теміржол пойызымен соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тапты. Автобустың ішінде жеті жолаушы болған. Оның бесеуі көз жұмды. Қаза тапқандардың барлығы Өзбекстан азаматы. Жүргізуші және оның көмекшісі Қазақстан азаматтары. Олар тірі. Бірақ, жағдайлары өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Туыстары сол жақта. Хабар берілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Біздің Астрахандағы консул бұл мәселені ерекше бақылауына алып, күнделікті жұмысын жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді 19 қарашада брифинг барысында СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.

17 қарашада Ресейдің Саратов облысында Қазақстан және Өзбекстан азаматтары мінген автобус поездға соғылып, салдарынан 5 өзбек азаматы қаза тапқан еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз