Үндістанда 220 команда бақ сынасқан «The Goa International Robotics Festival» халықаралық робототехника ашық чемпионатынан алматылық оқушылар жүлделі оралды.

Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматыдан барған «Sana Тeam» және «Qazaq style» құрама командалары екі жоғары наградамен марапатталды.

12 жастан 18 жасқа дейінгі FIRST Tech Challenge санаты бойынша:

• 1 орын «Motivate award» — Sana Тeam командасы, Алматы қаласының «Білім-инновация» лицейі (БИЛ);
• 1 орын «Inspire award» — «Qazaq style» құрама командасы, Алматы қаласының № 124, № 81, № 178, № 206, № 200 мектептері.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан, қазақстандық оқушылар жоғары кәсіби деңгейін көрсеткен. Оқушылар жас өнертапқыштар бәйгесіне жолдаманы былтыр желтоқсанда Оқу-ағарту министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Almaty Tech Cup» республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз