Білім және ғылым министрлігі тарапынан қатарынан өткізілген қос тексерістен кейін «Астана» медицина унриверситетінің басшылығы 117 студентті оқудан шығарды. Анықталғандай, аталған 117 студент магистратураға, докторантураға және резидентураға IELTS жалған сертификаттарымен түскен, деп хабарлайды Хабар 24.
Атап өтерлігі, IELTS сертификаттарының болуы бакалаврдан кейін оқуға түсу барысында артықшылықтар береді. Тексерістен кейін Білім және ғылым министрлігі медициналық университетке заң бұзғандарға шара қолдануды тапсырды. ЖОО Ішкі істер департаментіне жалған сертификат жасатқандардың тізімін жіберген, бірақ барлығын емес. Жарты жылдан кейін Білім және ғылым министрлігінен аталған оқу орнына тағы да комиссия келеді.
«Астана» Медицина университеті АҚ проректоры Франц Галицкийдің сөзінше, екінші тексерістен кейін жалған сертификат жасатқан 84 студент оқудан шығарылған, енді аталған студенттер оқуға кеткен, өздеріне төленген шығындарды қайтаруы міндет. «Бізде барлығы мемлекеттік грантта, ал қалған тоғызы ақылы негізде оқыған», – дейді медициналық университет проректоры.
Оқудан шығарылған студенттерге, ІІД қылмыстық іс қозғады. Кейбіреуі сотқа жіберілді.
Астанадағы Сарыарқа ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Талғат Сырлыбаев «Заң бойынша 385 бап, үшінші тармағына сәйкес, айыппұлдан тұтқындалуға дейінгі жаза қарастырылды, айыппұл көлемі 300 АЕК. Біздің сотта 11 қылмыстық іс қаралды, тоғызына үкім шығарылды, екі азаматқа қатысты аталған қылмыстық әрекеттің мерзімінің аяқталуына байланысты сот шешімі тоқтатылды»,- деп мәлімдеді.
Енді оқудан шығарылған студенттердің орнына мемлекеттік грант жетпей қалғандар үміткер бола алады.
Аталған студенттердің IELTS жалған сертификатымен мемлекеттік грантқа оқуға түскені турасында олардың курстастары мәлімдеп, өткен жылы шағым түсірген еді. Сол сәтте Астана ІІД тексерісті бастады.