Сағынтаев Елбасының тапсырмасымен Қарағанды облысына барды

0
135

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаеы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іс-сапарымен Қарағанды облысына барды. Бұл туралы Үкімет үйінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс-апары барысында Бақытжан Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша салынып жатқан «Нұрлы мекен» шағын ауданының құрылысымен, Жезқазған өңірінде Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты танысты.

Сондай-ақ, Ол «Сарыарқа» АЭА аумағында шарлы крандар мен ілмекті арматура шығаратын «Бёмер арматура» ЖШС зауытын тексеріп, пайдаланудан шыққан көлік құралдарының металл сынықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металл қорытпаларын шығаратын «Recycling Company» ЖШС кәсіпорнына барады.

Жезқазғанда Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыруға байланысты өңірдің активімен және жұртшылығымен кездесу өткізеді.


Еске сала кетейік, бұл биылдыққа ел өңірлеріне төртінші жұмыс сапары. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарында болып қайтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз