Рамзан Қадыров қызметін тастап, ел қорғауға дайын

0
120

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында басшылық қызметінен кетіп, жауынгер ретінде отан қорғауға дайын екенін айтты. Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

Шешенстан басшысы саясатқа жауынгер ретінде бет бұрғандығын және отаны мен халқын қорғау сүйікті ісі екенін айта кетті.

Рамзан Қадыров, Шешенстан президенті: Мен саясатқа жауынгер ретінде келдім. Соғыса отырып, халқым мен мемлекетімді қорғау – бұл менің сүйікті ісім. Біз кез келген бұйрықты, кез келген қиын сәтте атқаруға дайынбыз. Бас қолбасшы қалай айтса, солай болады. Біздің жігіттер әрқашан дайын. Бізге, генералдар қызметін қойып, мемлекеттің тұтастығын қорғайтын уақыт келді деп санаймын.

Қадыров сондай-ақ, Ресейге көрсетілген қысым жайында мындай болжам жасады: «Олар Ресейге қарсы соғыс ойлап тапты. Халықты қанап, алға қарай жылжып келеді. Сирия мәселесі деп тап осыған ұқсас. Жағдай осылай өрбитін болса, Ресей күш қолдануға мәжбүр болады».

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз