Қазақстан түркітілдес елдердің жастарына 50 білім грантын бөледі

0
573
Түркістандағы Ахмет Ясауи университеті.

31 наурызда өткен түркітілдес елдердің онлайн саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің жастары үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 50 грант бөлуге дайын екенін және оның “Ясауи стипендиясы” деп аталатынын айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: akorda.kz

Президент Тоқаев түркітілдес елдер ортақ мәдени-ағартушылық кеңістік қалыптастырған жөн деп есептейді. Оның пікірінше, оны “Ұлы түркілер” білім беру қорын құру арқылы жүзеге асыруға болады. Қор университеттер арасында академиялық ұтқырлық, тағылымдамадан өту, біліктілікті арттыру ісін үйлестіреді.

Түркістан қаласында өтуі тиіс болған түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті пандемияға байланысты онлайн форматта өтті. Жиында Кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев сөз сөйледі.

Бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз