Қазақстан құрамасы ӘЧ-2022 іріктеу кезеңінде алғашқы ұпайын алды

0
577
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы.

Қазақстан ұлттық құрамасы Киевте өткен әлем чемпионаты – 2022 топтық іріктеу кезеңінде Украина құрамасымен тең (1:1) ойнады. 3 тур нәтижесі бойынша Қазақстан бір ұпаймен топта соңғы орында тұр.

Алаң иелері матчтың 20 минутында Роман Яремчуктің соққан голымен алға шықты. Алайда Серікжан Мужиков 59 минутта гол соғып есепті теңестіре білді.

Топтағы параллель өткен матчта Франция құрамасы Босния және Герцеговинаны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды 60-минутта Антуан Гризманн соқты.

Осылайша, D тобының турнирлік кестесіндегі командалардың жағдайы келесідей: Франция — 7 ұпай (3 матч), Украина — 3 (3 матч), Финляндия — 2 (2 матч), Босния және Герцеговина — 1 (2 матч), Қазақстан — 1 (2 матч).

Қазақстан ұлттық құрамасының әлем чемпионаты 2022 іріктеу кезеңі D тобындағы ойындар тізімі:

  • 28.03.2021 Қазақстан – Франция (0:2)
  • 31.03.2021 Украина – Қазақстан (1:1)
  • 01.09.2021 Қазақстан – Украина
  • 04.09.2021 Финляндия – Қазақстан
  • 07.09.2021 Босния және Герцеговина – Қазақстан
  • 09.10.2021 Қазақстан – Босния және Герцеговина
  • 12.10.2021 Қазақстан – Финляндия
  • 13.11.2021 Франция – Қазақстан

Әлем чемпионаты 2022 жылы 21 қараша – 18 желтоқсан аралығында Катар елінде өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз