Қазақстан құрамасы өз алаңында Францияға есе жіберді

0
324

Бүгін футболдан әлем чемпионаты 2022 топтық іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Франция құрамасына қарсы ойын өткізді.

Франция ұлттық құрамасы топтық іріктеу кезеіңінің екінші турында Қазақстанды 0-2 есебімен жеңді.

Алғашқы таймның 20 минутында Усман Дембеле, Марсьялдың пасымен есеп ашты. 1 тайм Сергей Малыйдың бұрыштамадан бағытталған допты өз қақпасына соғуымен аяқталды.

Екінші таймда Франция құрамасының жұлдызды ойыншысы Киллиан Мбаппе пенальтиден тепкен добын қақпашы Александр Мокин қайтара білді. Ойын 0-2 есебімен аяқталды.

Осылайша Талғат Байсуфинов жаттықтырған жігіттер іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында ұпай жинай алмады. Ал, Франция құрамасы 4 ұпаймен топ көшін бастап тұр.

Қазақстан ұлттық құрамасы 31 наурыз күні сырт алаңда Украина құрамасына қарсы ойнайды.

Атап өтейік, матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында эпидемиологиялық жағдайға байланысты жанкүйерлерсіз өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасының әлем чемпионаты 2022 іріктеу кезеңі D тобындағы ойындар тізімі:

  • 28.03.2021 Қазақстан – Франция
  • 31.03.2021 Украина – Қазақстан
  • 01.09.2021 Қазақстан – Украина
  • 04.09.2021 Финляндия – Қазақстан
  • 07.09.2021 Босния және Герцеговина – Қазақстан
  • 09.10.2021 Қазақстан – Босния және Герцеговина
  • 12.10.2021 Қазақстан – Финляндия
  • 13.11.2021 Франция – Қазақстан

Әлем чемпионаты 2022 жылы 21 қараша – 18 желтоқсан аралығында Катар елінде өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз