Енді мұғалімдер мерекесі бұрынғыша қазан айының алғашқы жексенбісінде емес. Биыл алғаш рет Ұстаздар күнін атап өту – 5 қазанға бекітілді. Еске салайық, ҚР Үкіметімен тиісті қаулы қабылданған болатын.
Бұл күн Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген. Бұған дейін 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып аталып өткен еді.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше Қазақстанның білім беру саласында 500 мыңға жуық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогі жұмыс істейді.