13-19 қыркүйек аралығында өткен информатика бойынша халықаралық олимпиададан (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) Өскемен қаласы “Білім-инновация” лицейінің түлегі Байболов Темірлан күміс медаль иеленді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, биыл олимпиадаға 80-нен астам елдің оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәні бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірген.
“Білім-инновация” ХҚҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Байболов Темірлан екінші жыл қатарынан ұлттық құраманың қатарына енген.
⠀
Олимпиада екі айналым бойынша өткізілген. Айналым барысында қатысушылар информатика мен АКТ бойынша түрлі қабілеттерін көрсетіп, алгоритмдік есептер орындаған.