Назарбаевтың қатысуымен Түркістан халықаралық әуежайы іске қосылды

0
55
Photo: Aidos Ukibay

Түркістанда Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен халықаралық әуежай ашылды. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

“Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған”, – деп хабарлады Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метр. Ал жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр.

Photo: Aidos Ukibay

Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы 2019 жылы қолға алынып, 2020 жылы 28 қыркүйекте ашылды.

“Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай құрылысының жобасы қазіргі Түркістанның ауқымды құрылысының ірі және маңызды нысандарының біріне айналды. Түркістанның жаңа әуе айлағы өңірдегі туризмнің дамуына қуатты серпін беріп, азаматтардың авиатасымалдау қызметіне деген қажеттілігін қанағаттандырады, – деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Әуежай құрылысы туралы

Жобаны іске асыру үшін шетелден инвестиция тартылған, құрылыс қысқа мерзімде аяқталып отыр.

Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан бірінші кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына рейстер ашады және одан кейін Қазақстанның басқа да облыс орталығымен байланыс орнатылады. Бастапқы кезеңде Turkish Airlines авиакомпаниясы Стамбулға рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Photo: Aidos Ukibay

Түркістан қаласының әуежайы шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін “ашық аспан” режиміне қосылмақ. Мұндай қадам әуежайдан ұшу географиясын кеңейтеді және шетелдік туристер тартуға ықпал етпек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз