БАӘ-де оқушыларды онлайн оқытуға лицензия берілді

0
128

Біріккен Араб Әмірліктерінің Білім және адам дамуы жөніндегі басқармасы мектеп оқушыларын онлайн оқытуға алғашқы лицензия берді. Бұл туралы Azertag агенттігі хабарлады.

Лицензия Dwight Global Online School мектебіне берілген. Бұл бастама “Дубай 10X” бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан “Rahhal” жобасының бір бағыты. Бұдан былай, БАӘ-де баланы онлайн оқытуға ауыстыру мүмкіндігі туады. Деректерге сүйенсек, бұл дәстүрлі білім берумен салыстырғанда әлдеқайда арзан болады.

Білім және адам дамуы жөніндегі басқарманың Шығармашылық, бақыт және инновациялар бөлімінің басшысы Хинд Аль Муалланың мәліметінше, виртуалды білім беру бастамасы тоғыз ай бойы сынақтан өткізіледі.

Дубайдағы Dwight Global Online School онлайн білім беруді 7-12 сынып оқушыларына ұсынып отыр. Онда онлайн режимдегі сабақтар, виртуалды сыныптар, видео, алдын ала жазылған дәрістер бойынша оқыту, семинарлар қарастырылған. Бұған қоса, сабақ күн сайын емес, аптасына екі-үш рет өтеді және әр семинар таспаға жазылып, кейін қайта көруге мүмкіндік болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз