Моңғолия сыртқы істер министрі Қазақстанға келмейтін болды

0
131
Моңғолияның сыртқы істер министрі Дамдингийн Цогтбаатар.

Моңғолияның сыртқы істер министрі Дамдингийн Цогтбаатар Астанаға келмейтін болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

СІМ баспасөз хатшысы Смадияровтың айтуынша, Моңғолия сыртқы саясат ведомство басшының неліктен келмейтіні белгісіз.

“Бізге Моңғолия тарапы Сыртқы істер министрі Дамдингийн Цогтбаатардың бұған дейін жоспарланған сапарының кейінге ауыстырылатыны жөнінде хабарлады”, – деді баспасөз қызметінің басшысы.

Еске сала кетейік, 24-25 қаңтарда Қазақстан-Моңғолия қарым-қатынасының  тарихында алғаш рет Моңғолияның сыртқы істер министрі Дамдингийн  Цогтбаатар Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарланған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз