16-шы министрлік құру ұсынылды

0
78
«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылуы.

23 қаңтар күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімінде 23 жастағы кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізде Маркетинг министрлігін құруды ұсынды.

 «Құрметті Елбасы, Жастар жылында сізге Қазақстан Республикасының Маркетинг министрлігі деген шартты атаумен жоба ұсынғымыз келеді. Оның миссиясы – Қазақстанның әлемдік аренадағы ребрендингін жасау. Аталған бірлестік барлық ведомстволардағы PR қызметтерді дамыту мен қолдауға бағытталған алаңға айналуы мүмкін», – деді Расул Абдуллаев.

Жиынға келген жастардың қатарында әнші Димаш Құдайберген, бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы, шахматшы Жансая Әбдімәлік, актер Асылхан Төлепов бар.

Президент Назарбаевтың жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы депжарияланған болатын.Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 «Нұр әлем» көрме кешенінің павильонында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз