БИЛ мектептеріне түсу үшін емтихан 2024 жылдың 12 мамырында өтеді. Биылғы жылдың ең басты жаңалығы, қабылдау емтиханында бір ғана тур болады.
Яғни сәйкесінше үміткер бір рет қана емтихан тапсырады. Салыстырмалы түрде бұған дейін екі тур болатын.
Конкурсқа 6-сынып оқушылары қатыса алады. Құжаттарды қабылдау 1 ақпан мен 12 сәуір аралығында жүргізіледі. Құжаттарды үміткердің ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі тапсыра алады.
Емтиханға тіркелу үшін www.bilemtihan.kz сілтемесіне өту керек.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттардың электрондық нұсқалары қажет:
- ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Үміткердің 3х4 көлеміндегі фотосуреті;
- Егер де үміткердің отбасында әлеуметтік осал топтқа жататындығын растайтын құжат болған жағдайда оны да жүктеген жөн
Құжаттарды сайтқа жүктегеннен кейін, мектеп әкімшілігі тарапынан тексеріледі. Тексеру аяқталған соң тіркеуде көрсетілген телефон нөміріне немесе электрондық поштаға емтиханға кіруге рұқсатнама жіберіледі.
Үміткер тестілеуге келген кезде өзімен бірге туу туралы куәлігінің түпнұсқасын және рұқсатнаманы алып келуі шарт.
Тестілеу кезінде 60 сұраққа 110 минут уақыт беріледі:
* математика және логика – 50 сұрақ;
* оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
Тестілеуге 30 минутқа кешіккен оқушы емтиханға жіберілмейді.