Германияда әуежай қызметкерлерінің ереуіліне байланысты 1100 рейс тоқтатылады

0
10
ТАСС / Christoph Soeder

1 ақпанда Германияның 1100 әуе рейсі тоқтатылып, салдарынан 200 мыңдай жолаушы жолынан қалмақ. Бұл туралы неміс әуежайларының ADV қауымдастығы мәлімдеді. Бұған Ver.di.кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған әуежай қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілі себеп болып отыр. Ver.di кәсіподағы жолаушылар мен багажды бақылауға жауапты әуежай қызметкерлерінің жалақысын көтеруді талап етпекші, деп хабарлайды kazaknews тілшісі DW ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ереуіл елдің 11 әуе портында өтеді: Майндағы Франкфурт, Гамбург, Берлин, Дюссельдорф, Кельн, Штутгарт, Бремен, Ганновер, Лейпциг, Дрезден және Эрфуртта. Ереуіл Мюнхен мен Нюрнберг әуежайларына әсер еткен жоқ, бірақ жоғарыда аталған қалаларға ұшатын барлық рейстер тоқтатылады.

Lufthansa өзінің бейсенбіге жоспарланған рейсінің көпшілігін, ең алдымен, ереуіл болатын Франкфурт әуежайынан ұзаққа ұшатын рейстерді жіберуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл ретте компания жолаушыларға 8 ақпанға дейінгі басқа күнге билеттерді тегін айырбастауды ұсынды. Ішкі рейстерге билеті бар жолаушылар рейстің орындалғанына немесе тоқтатылғанына қарамастан, оларды пойыз билеттеріне тегін айырбастай алады.

Ver.di кәсіподақ ұйымы BDLS әуе қауіпсіздігі компанияларының федералдық бірлестігімен жанжалдасып, қызметкерлердің жалақысын сағатына 2,80 еуроға көтеруді, үстеме жұмыс, түнде, демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін қосымша төлемдерді көбейтуді талап етіп отыр. Ереуілге 25 мың әуежай қызметкері қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз