Нұр-Сұлтандағы физика-математика бағытында білім беретін Назарбааев зияткерлік мектебінде биылғы оқу жылы домбыра сабағымен аяқталды. Сабақта бір мезетте мың оқушы күй тартты. Оны Гиннесс рекордтар кітабына “Ең ауқымды домбыра сабағы” атауымен онлайн тіркеу жоспарланып отыр.
Ең ауқымды домбыра сабағына Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижерлық еткен.
“Домбыра – әрбір қазақ үшін қасиетті аспап, ал біздің сабағымызды Гиннесс рекордтар кітабына енгізу – бұл домбыраны бүкіл әлемге паш ету”,- деді Айтжан Тоқтаған.
View this post on Instagram
Guinness World Records-қа өтінім былтыр желтоқсан айында берілген. Гиннесс рекордтар кітабының талабы бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалады. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз стюард бақылаған.
Айта кетейік, елдегі барлық Назарбаев зияткерлік мектебінде домбыра пәнінің электив курстары енгізілген.