Әлемдік ЖОО рейтингіне Қазақстаннан бір ғана университет ілінді

0
443
Назарбаев университеті. Photo: the-steppe.com
Әлемнің үздік университеттерінің академиялық рейтингіне Қазақстаннан бір ғана жоғары оқу орны Назарбаев университеті кірді. Бұл туралы Finprom.kz порталы хабарлады.

Center for World University Rankings (CWUR) құрастыратын әлем университеттерінің академиялық рейтингі — жоғары оқу орындарының арасында жүргізілетін айтулы рейтингтердің бірі саналады.

Биыл әлемдегі 20 мыңға жуық жоғары оқу орны бағалаудан өтіп, оның ішінде үздік 2 мың университет іріктеп алынған.

Үздіктер тізіміне Қазақстаннан тек Назарбаев университеті (әлемнің 19,8 мың ЖОО-лары арасындағы ТОП-2 000 ішінде 1 765 орында тұр) ғана кіріп отыр. Мұның үстіне Назарбаев университеті — тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен бірге Орта Азия елдерінен аталған рейтингке кірген жалғыз жоғары оқу орны.

ТМД елдерінің ішінде бұл рейтингке Ресейдің 42, Украинаның 6, Беларусьтің 2 университеті, ал түркі мемлекеттерінің ішінде Түркияның бірден 56 жоғары оқу орны кірген.

Әлемнің үздік 5 университеті қатарында АҚШ-тың Гарвард, Массачусетс, Стэнфорд университеттері, Ұлыбританияның Кэмбридж және Оксфорд университеттері бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз