2018 жылы бөлінген 20 мың грант бойынша балалар оқып жатыр. Елдегі гранттардың жалпы жыл сайын бөлінетін саны 69 мыңға жетті.
Министрдің айтуынша республикада 2018 жылы жаңадан қабылданған 53 мың студент – бакалавриатта, 13 мың – магистратурада, 2 мыңнан астам адам PhD программалары бойынша білім алуда. Барлық грант алушылардың 50%-ы техникалық мамандықтар бойынша оқиды. (34 мың). Олардың ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіпсіздік, радиотехника және электроника сияқты еңбек нарығы үшін маңызды бағыттар.
Алдағы уақытта «Серпін» программасы бойынша ауыл жастарына 5 мың грант қарастырылған.
Гранттардың шамамен 20%-ы мұғалімдерді даярлауға, оның ішінде тілдік компетенцияны күшейтуге бағытталмақ.
Барлық жоғарғы оқу орындарында техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша гранттар құны ұлттық ВУЗ-дағы гранттармен бірдей болып, 635 мың теңгені құрады.