Елдегі білім гранттарының саны артты – Сағынтаев

0
100

2018 жылы бөлінген 20 мың грант бойынша балалар оқып жатыр. Елдегі гранттардың жалпы жыл сайын бөлінетін саны 69 мыңға жетті.

Министрдің айтуынша республикада 2018 жылы жаңадан қабылданған 53 мың студент – бакалавриатта, 13 мың – магистратурада, 2 мыңнан астам адам PhD программалары бойынша білім алуда. Барлық грант алушылардың 50%-ы техникалық мамандықтар бойынша оқиды. (34 мың). Олардың ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіпсіздік, радиотехника және электроника сияқты еңбек нарығы үшін маңызды бағыттар.

Алдағы уақытта «Серпін» программасы бойынша ауыл жастарына 5 мың грант қарастырылған.

Гранттардың шамамен 20%-ы мұғалімдерді даярлауға, оның ішінде тілдік компетенцияны күшейтуге бағытталмақ.

Барлық жоғарғы оқу орындарында техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша гранттар құны ұлттық ВУЗ-дағы гранттармен бірдей болып, 635 мың теңгені құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз