Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді оқытуды енгізу шеңберінде «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.
Аталған пән мұғалімдеріне ағылшын тілін және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін үйретуге бағытталған біліктілікті арттыру курстары «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС-ның ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр педагогы» авторлық білім беру бағдарламасы бойынша республиканың 15 өңірінде 754 мұғалімге ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап өткізіп келеді.
Ағылшын тілін оқытудың 3 кезеңін қамтитын курс 272 академиялық сағаттан тұрады.