Дариға Назарбаева: Фейктер мен трольдер қоғамдық пікірге ықпал етуде

0
65

Алматыда өткізіліп жатқан XV Еуразиялық форум аясында «Ақпараттық технология: нақты дерек пен фейк жаңалықтар» мәселесі талқыға салынды.

Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы ретінде Еуразиялық форумның миссиясы – журналистер, сарапшылар, саясаткерлер, экономистер, қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, тіпті бүкіл әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылау. Форум өзінің белсенді жұмысының арқасында бүгінде дүние жүзі бойынша беделді медиа алаңға айналып үлгерді.

Бірінші күні XV EAMF аясында жақын және алыс шетелдің медиа сарапшыларының бүгінгі заманның көкейкесті мәселелері бойынша тақырыптық шеберлік дәрістері өтсе, екінші күні пленарлық жиын ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Сыртқы істер министрлігі Қайрат Әбдірахманов, Алматы қаласының әкім Бауыржан Байбек, ЕАМF Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның қатысуымен ашылды.

Дариға Назарбаева: Қырғиқабақ соғысты» ушықтыратын риторика, экономикалық және саяси санкциялар, әскери қуатын айғақтау, дипломатиялық кедергілер, БАҚ еркіндігін шектеу және геосаяси шыңыраудан шыққан өзге де алаңдатарлық құбылыстар мемлекет аралық қарым- қатынаста үйреншікті жәйтқа айналғаны жасырын емес. Ғаламдық жылыну белең алған соңғы жылдары халықаралық қатынастар кері бағытта өзгеруі алаңдатады дейді сарапшылар. Сонымен қатар, БАҚ-тың гендерлік тепе-теңдігі, фейк-жаңалықтар дәуіріндегі сенімге ие бренд рөлі, популизм, классикалық журналисканың қауқарсыздығы, сенім тұрғысында тығырыққа тірелгені, әсіресе күнделікті әдетке айналған әлеуметтік желі аудиториясының кеңеюі форум сарапшыларының назарынан тыс қалмады. Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, бүгінгі медиа осыдан бірнеше жылғы БАҚ-қа мүлдем ұқсамайды. «Ашық интернет алаңы тек қана талантты журналистерге ғана есік ашқан жоқ. Ақпараттық соғыстың көзге көрінбейтін «сарбаздарына» да жол ашты. Фейктер мен трольдер жалған ақпарат шығарып, қоғамдық пікірге ықпал ете бастады. Олардың қасында таблоидтер абыройлы болып отыр. Интернеттің қарқынды дамуы, әлеуметтік желілердің өмірдің ажырамас бөлігіне айналғаны әлемді түбегейлі өзгертті. Девайстар мен гаджеттер қолжетімді. Бұл кез келген адамның медипроцесске қатысуына кепілдік берді. Блогерлер мен желі қолданушылары журналистермен бәсекеге түсуде. Соның кесірінен ірі басылымдар тираж жоғалтуда.


Айта кетейік, Үш күнге созылған форумда «Халықаралық қарым қатынастағы эволюция», «Еуропалық одақ эволюциясы», «Қоршаған орта эволюциясы», «Блогсфераның күшеюі: прогресс пе, әлде қауіп пе?» және т.б. мәселелер талқыға салынатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз