6 қазанда Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаладаның мектеп директорларымен кездесті. Жиында барлық мұғалім мен техникалық персоналдың екпе алғаны айтылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
“Оқушылардың дәстүрлі оқу форматына қайта көшкеніне екі ай өтті. Бүгін мектеп директорларымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқыладық. Барлық мұғалімдер мен техникалық персонал екпе алған, дегенмен қатаң саннормаларды сақтауды жалғастыру қажет” – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Кездесуде бұдан бөлек әлемдегі мектептер мен жоғары оқу орындарында болған террористік шабуылдарға байланысты Нұр-Сұлтандағы білім беру нысандарының қауіпсіздігі талқыланған.