EURO 2024: Берлинде турнирдің логотипі таныстырылды

0
97

5 қазан күні Берлиндегі Олимпиада стадионында футболдан EURO 2024 турнирінің логотипі жарық шоуымен таныстырылды. Бұл туралы УЕФА ресми сайты хабарлады.

ЕУРО 2024 турнирі 51 матчтан тұрады. Жарыс 2024 жылдың маусым және шілде айларында Германиядағы он қалада өтеді. Матчтардың толық кестесі 2022 жылдың басында бекітіледі.

Турнирді қабылдаушы қалалар: Берлин, Кельн, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт, Гельзенкирхен, Гамбург, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарт

Логотиптің тұсаукесеріне УЕФА президенті Александр Чеферин, неміс футбол қауымдастығының (DFB) уақытша президенті Райнер Кох, ЕУРО-2024 турнирінің директоры Филипп Лам және басқа да қонақтар қатысты.

Official UEFA EURO 2024 logo and brand launch,
UEFA EURO 2024 kicks-off in Berlin/Germany, the official brand and logo launch in the Olympic Stadium,
Philipp Lahm (Tournament Director EURO 2024), Aleksander Ceferin (UEFA President),
Photo: Thomas Boecker/DFB

Турнирдің логотипі УЕФА-ға мүше 55 елдің жалауына және олардың түстеріне негізделген. Олар Олимпиада стадионы шатырының пішінін көрсететін түрлі комбинациялардан құралған.

Official UEFA EURO 2024 logo and brand launch,
UEFA EURO 2024 kicks-off in Berlin/Germany, the official brand and logo launch in the Olympic Stadium,
Berlin, 05.10.2021,
Photo: Thomas Boecker/DFB

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз