Биыл медицина және физиология бойынша Нобель сыйлығын “адам денесінің күн жылуын қалай сезінетінін” және “жақсы “көретін адамдар құшақтағанда қандай сезім туындайтынын” зерттеген ғалымдар иеленді.
Америкалық ғалымдар Дэвид Джулиус пен Ардам Патапутян медицина және физиология саласында жанасу мен температураны анықтау бойынша жасаған еңбектері үшін биылғы Нобель сыйлығын бөлісті.
Олар адам денесінің физикалық сезімдерді жүйке жүйесіндегі электр сигналдарына қалай айналдыратынын анықтаған.
Ғалымдар ашқан жаңалық ауырсынуды емдеудің жаңа жолдарына жетелеуі мүмкін.
Жылу, суық және жанасу қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста болу және өмір сүруде үлкен маңызға ие.
Алайда адам денесінің мұны қалай жасайтыны биология үшін үлкен құпия болып келді.
“Бұл өте маңызды әрі тың жаңалық”, – деді Нобель сыйлығын табыстау комитетінің мүшесі Томас Перлман.
Ғалымдар қандай жаңалық ашты?
Сан Францискодағы Калифорния университетінің профессоры Дэвид Джулиустің жаңалығы өте ащы қызыл бұрыш жегенде пайда болатын “ауырсынуды” зерттеуден басталған.
Ол химиялық капсаицинді ащы бұрыштың жылу көзі ретінде алып зерттеді.
Ғалым капсаицинге жауап беретін рецептордың (адам жасушасының қоршаған әлемді танитын бөлігі) нақты бір түрін анықтады.
Одан кейін жасалған тест қорытындысы бойынша, рецептор жылудан әсер алып, “ауырсынуға” әкелетін температурада әрекетке түсті. Бұған шыны ыдыстағы кофені ұстағанда қолдың күюін мысал ретінде келтіруге болады.
Бұл ғылыми жаңалық басқа да бірқатар температура сенсорларының анықталуына түрткі болды. Екі ғалым суықты анықтай алатын сенсорды да тапқан.
Cheers and congratulations to our newest medicine laureate David Julius!
Here Julius and his wife Holly Ingraham are celebrating his #NobelPrize with a cup of early morning coffee.
Photo: Holly Ingraham. pic.twitter.com/e3QhlUqaqv
— The Nobel Prize (@NobelPrize) October 4, 2021
Сонымен қатар, Скриппс ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейтін профессор Патапутян да аталмыш торларды табаққа орналастырған.
Бұл тәжірибелер механикалық күшке немесе жанасуға жауап ретінде белсендірілген рецепторлардың басқа түрін табуға негіз болған.
Жағалауда жалаң аяқ келе жатқанда аяқ астында жатқан құмды сезгенде миға сигнал дәл сол рецепторлар арқылы жетеді.
Just in! New medicine laureate Ardem Patapoutian and his son Luca, watching the #NobelPrize press conference shortly after finding out the happy news.
Stay tuned for our interview with Patapoutian coming up soon!
Photographer: Nancy Hong pic.twitter.com/44OCpRSTki
— The Nobel Prize (@NobelPrize) October 4, 2021
Профессор Патапутян Нобель комитетінің оған жеңімпаз екенін айту үшін хабарласқанын бірнеше рет өткізіп алған. Себебі оның телефоны “мазаламау” режимінде болғандықтан, Швециядан келген телефон қоңыраулары (Калифорния уақытымен 02:00-де) жауапсыз қалған.
“Олар менің Лос Анжелесте тұратын 94 жастағы қарт әкеме бір жолын тауып хабарласыпты. Әкем маған хабарласып, оятып жаңалықты жеткізді. Бұл мен үшін маңызды оқиғадан хабардар болудың ең керемет түрі болды”, – деді ол.
Осылайша аталмыш сенсорлық және температуралық сенсорлар денеде және кейбір ауруларда маңызды рөл атқаратыны белгілі болған.
Бірінші жылу сенсоры (TRPV1 деп аталады) созылмалы ауруға және денеміздің ішкі температурасын реттеуге қатысады. Сенсорлық рецептор (PIEZ02) зәр шығарудан бастап қан қысымына дейін көптеген функцияларды орындайды.
Нобель сыйлығын табыстау комитеті ғалымдардың жұмысын “жылу, суық және механикалық күш қоршаған әлемді қабылдауға және оған бейімделуге мүмкіндік беретін жүйке импульстарына қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік берді” деп мәлімдеді.
“Бұл жаңалық созылмалы аурулармен қатар, көптеген індеттерді емдеу әдістерін жасау үшін қолданылады”, – деп қосты комитеттегілер.
Ғалымдар 10 миллион швед кронын (490 378 085 теңгені) бөлісетін болады.
Нобель сыйлығы туралы
Нобель сыйлығы – бұл жұмысы қоғамға пайдалы болған адамға берілетін сыйлық.
Сыйлық динамитті ойлап тапқан щвед ғалымы Альфред Нобельдің есімімен аталады.
Сыйлық алты санат бойынша беріледі: физиология немесе медицина, физика, химия, әдебиет, экономика және бейбітшілікті насихаттау.
Өткен жылы медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын адам жасушасының ауа тапшылығына бейімделуін зерттегені үшін америкалық ғалымдар Уильям Кэйлин, Грег Семенца және британиялық сэр Питер Рэдклиффке берілген болатын.