Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 900 мыңға жақындады

0
40
Photo: Turar Kazangapov

6 қазандағы ақпаратта 1828 адам коронавирус жұқтырып, жалпы өткен жылдың наурыз айынан бері 896 162 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен аптадан бастап коронавирус статистикасы төмендей бастады. Соңғы ақпарат бойынша 3307 адам коронавирустан жазылып шықты. 385 адам коронавирус пневмониясынан емделді. Бір күнде 39 адам – коронавирустан, 7 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.

Қазақстан аумағында вирустың таралуы азайып, қазіргі таңда көптеген қалалар мен облыстар “жасыл” және “сары аймаққа” көшті. Ал, Қазақстан Республикасы вирустың таралуы бойынша “сары аймақта”. “Қызыл аймақта” Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары орналасқан.

Қазір коронавирустан 56 708 адам ( оның ішінде 7 740 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 748 адамның жағдайы ауыр, 202 науқастың жағдайы өте ауыр. 125 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз