Еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың 70 пайызға жуығы қазақ тілінде білім беріп жатыр. Бұл туралы мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды kazaknews.kz.
“Қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі ұйімдар ашу басым бағыт ретінде белгіленген. Республикада қазақ тілінде оқытатын 70 пайызға жуық мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеп жатыр. 2022 жылдан бастап тәрбие-білім беру процесіне барлық жас топтарында қазақ тілін үйрену бойынша талаптар енгізілді”, – деді Н. Жұмаділдаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол педагог тиісті бағдарлама аясында қазақ тілін, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруге ықпал етіп, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыратынын айтты.
“Қазіргі кезде елімізде 1 млн 115 мың баланы қамтып отырған 11 мың 104 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп тұр”, – деді департамент басшысы.