Қазақстанда балаларға қатысты қылмыс көбейіп жатыр – зерттеу

0
196

Ranking.kz сайты кәмелетке толмағандарға қатысты тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Биыл қаңтар айында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 227 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 32% көп.

Өңірлер бойынша мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы облысында жасалған: бір жыл бұрын 18 іс болса, енді 25.

Одан кейін Алматы қаласы (23 іс, 2022 жылы 8) және Түркістан облысы (19 іс, бір жыл бұрын 20). Атырау мен Жамбыл облыстары да қалыспайды: әрқайсында 17 істен.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау және Абай облыстарында тіркелген: сәйкесінше 3 және 4 іс.

«Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттер» бабы бойынша бір жыл бұрын 25 іс болса, қазір 45 іс.

«Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» — 24 іс, бір жыл бұрын 22 іс, «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша әрқайсысы 20 іс.

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға коммуникация тәртібіне қатысты 3-факультативтік хаттамаға қол қойған.

Енді қазақстандықтар балалар құқығының бұзылғаны туралы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіре алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз