Министр: университет оқытушыларының жалақысы артады

0
108
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Қазақстандағы жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Министр БҒМ-де өткен аппараттық кеңесте білім гранттары құнының артуы нәтижесінде профессорлық-оқытушылық құрамының еңбекақысының артатынын хабарлады.

“ЖОО оқытушыларының жалақысы төмен. Сондықтан, мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге сәйкес 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттардың құны осы жылдың қыркүйегінен бастап ұлғайтылатын болады. Бұл қандай нәтиже береді? Ол оқытушылардың жалақысын көтеруге мүмкіндік беретін болады”, – деді Аймағамбетов.

Министр, университет басшыларына әртүрлі форумдар мен тиімсіз іс-шараларға жұмсалатын шығындарды азайтуды тапсырды.

Естке салайық, бұған дейін ҚР БҒМ жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын арттыру туралы тапсырмасы аясында оқу жылының басынан бастап білім және ғылым министрлігіне қарасты 25 ЖОО-да жалақы 20-дан 50%-ға дейін арттырылған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз