Министр: жоғары оқу орнын таңдауда мұқият болуға шақырамыз

0
76
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Педагог мамандығына түсетін талапкерлер үшін шекті балл тағы жоғарылайды. Бұл туралы Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсуге шекті балл 50-ден 60-қа дейін өскен. Енді министрлік 2020 жылы шекті межені 70 балға дейін көтермек.

“Бүгінде ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығы айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр. Осы ретте талапкерлер тарапынан даярлаудың педагогикалық бағыттары сирек таңдалып жатады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде талапкерлер көбінесе педагогикалық бағыттарды үшінші және төртінші қылып көрсетеді”, – деді министр.

Бұдан бөлек, министр 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік үлгіде емес, жеке үлгіде диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты.

“Енді жұмыс берушілер дипломға емес, түлектің құзыреттілігіне көбірек көңіл бөледі. Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі басты рөл атқарады. Студенттер мен ата-аналарды жоғары оқу орнын таңдауда мұқият болуға шақырамыз”, – деді Аймағамбетов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз