Қазақстанда 1 қыркүйек – білім күні. Елде жаңа 2020-2021 оқу жылында 3,3 млн оқушы, 466 мың колледж студенті және 600 мыңнан астам жоғары оқу орындарының студенті білім алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Осы жылы бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданған.
Бастауыш сыныптарда 1 миллионнан астам бала оқиды, олардың 60%-ы кезекші сыныптарда оқуды бастаған.
Министрлік мәліметінше, елде 7 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді, олардың 3 мыңға жуығында 1-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастады.
Шамамен 2,6 млн оқушы жаңа оқу жылын қашықтан оқиды.
Жаңа 32 мектеп ашылған, жыл соңына дейін тағы 77 білім беру ұйымы пайдалануға берілмек.
Мектептерде 10 258 жас маман жұмысын бастаған.