Солтүстік Корея билігі Қытай шекарасынан бір шақырым жақындаған адамды атуға бұйрық берді

0
103
Солтүстік Корея әскерилері шекарадағы Ялу өзенінің жағасында. Photo: AFP

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын коронавирусқа қарсы сақтық ретінде Қытаймен шекарадағы күзетшілерге елге бір шақырымнан артық жақындаған адамды атуға бұйрық берді. Бұл туралы Radio Free Asia сайты хабарлады.

Пандемия аяқталғанға дейін биліктің үкімі күшінде болмақ. Екі ел арасында шекараның қаңтар айында ресми жабылғанына қарамастан контрабандалық жолмен Қытайға тауар кіргізілген.

“Radio Free Asia” (RFA) хабарлауынша, Ким Чен Ын өз елінің Қытаймен шекарасындағы күзетшілерге шынайы оқ-дәрі жеткізуге бұйрық берген.

“Әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі Хёрён қаласының полициясына Солтүстік Корея мен Қытай шекарасынан бір шақырым қашықтықта жүргендердің бәрін себепсіз өлтіру туралы шұғыл бұйрық берді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Солтүстік Корея полициясы жауларымыз елге вируспен енуге тырысып жатыр деген ақпарат таратқан. Тамыз айына дейін коронавирустың тіркелмегенін айтқан Солтүстік Корея, Оңтүстік Кореядан келген адамнан вирус анықталғанын хабарлаған.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз