Білім және ғылым министрлігі шетелде оқып жатқан 2 мыңнан астам студенттің отандық жоғары оқу орындарына ауысқанын хабарлады.
БҒМ бұған дейін шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетінше оқыған қазақстандық студенттерге отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектескен. Студентерге құжаттарды рәсімдеу барысында жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жеңілдетілген формат ұсынылған.
Шетелдік жоғары оқу орындарының басым бөлігі қазақстандық жоо-лар сияқты оқу жылын қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып бастаған. Алайда, кейбір шетелдік ЖОО-лар өз студенттеріне қашықтан оқытуды жалғастыру үшін платформа ұсына алмаған.