Ресей жоғары оқу орындары қазақстандық студенттердің сессияны қашықтықтан тапсыруына рұқсат етті. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.
Елшілік 2021-2022 оқу жылында ресейлік жоғары оқу орындары аралық аттестаттауды Бірыңғай биометриялық жүйенің (ББЖ) көмегімен қашықтан өткізе алатынын мәлімдеді.
“Бұл формат бакалавриат, специалитет және магистратура бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге қолжетімді болады. Шешімді ЖОО басшылығы қабылдайтын болады. Студенттің келісімі де қажет болады”, – делінген елшілік таратқан ақпаратта.
Бірыңғай биометриялық жүйе қашықтықтан оқитын студенттерге, соның ішінде қазақстандық студенттерге сессияны қашықтықтан тапсыруға мүмкіндік береді.