Тайланд премьер-министрі журналистерге антисептик шашты

0
212
Тайланд премьер-министрі Прают Чан-оха журналистерге антисептик шашып жатыр.

Үкіметтегі ауыс-түйіс туралы сұраққа жауап бергісі келмеген Тайланд премьер-министрі Прают Чан-оха журналистерге антисептик шашты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Өткен аптада үш министр жеті жыл бұрынғы наразылық акциялары кезінде тәртіпсіздікке жол бергені үшін түрмеге қамалған. Осыдан кейін журналистер министр болуға ықтимал кандидаттардың тізімі туралы сұрағанда, Прают қатты ашуланған.

Ол брифингті бөліп, журналистердің қасына келіп, бетіне маска ұстап, оларға антисептик шашқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз