Қытай әлемде алғаш рет “вакцина төлқұжатын” шығарды

0
224
Photo: Forbes

Қытайда алғаш рет “вакцина паспортын” беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы Орталық Азия медиа агенттігі хабарлады.

ВВС хабарлауынша, бұл идеяны қолдамайтындар бағдарлама Пекиннің өз азаматтарын толығымен бақылауда ұстауына мүмкіндік беретінін айтады.

Бұл кез келген вакцинацияланған Қытай азаматы арнайы цифрлық платформадан жүктеп, шетелге саяхаттауға шыққанда ұсынатын құжат. Мұндай төлқұжатты әлемнің көптеген елінде енгізу туралы ақпарат жатыр.

Бастаманы қолдайтындар оның халықаралық шекараларды ашуға және әлемдік экономиканы тезірек қалпына келтіруге көмектесетініне сенімді. Паспортқа қарсы адамдар мұндай төлқұжат биліктің өз азаматтарына толық бақылау орнатуға алғашқы қадамы деп болжайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз