8 мамыр күні жеңістің 75 жылдығына орай “Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік” атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн- конференция өтеді.
“Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияның мақсаты – тарихи сананы, ұлттық бірегейлікті, азаматтық белсенділікті қалыптастыру, жас ұрпақтың санасында Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтау; отаншылдыққа тəрбиелеу, жас зерттеушілердің тарихқа деген шығармашылық мүмкіндіктері мен кəсіби ынтасын арттыру”, – дейді ұйымдастырушылар.
Конференцияға 500-ге жуық адам қатысады деген жоспар бар.
Қатысушылардың қатарында “Білім- инновация” лицейінің оқушылары мен ұстаздары, жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары мен мұғалімдері, колледж жəне университет студенттері мен оқытушылары, тарих ғылымдарының докторы, профессорлары мен ғалымдары бар.
Конференцияда оқушылар мен студенттер ғылыми жетекшілерімен бірге үш тілде ұсынған ғылыми баяндамаларын қорғап, пікір алмасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік баяндамалар арнайы жинақта жарияланады. Сонымен қатар, онлайн-конференцияға қатысқандарға жəне жетекшілеріне сертификаттар мен дипломдар табысталады.
Ескерту: Онлайн-конференция 8 мамыр күні ZOOM платформасында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11.00-де басталады.