Тағы бір университет лицензиясынан айырылды

0
374
Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. Photo: ydu.kz

23 қыркүйекте Алматы қаласындағы шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Министрлік тарапынан тексеріс жүргізу нәтижесінде тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды.

Оқи отырыңыз: Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясынан айырылды

Университетке бұған дейін анықталған қателіктерді түзетуге уақыт берілген. Алайда, жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және министрлік комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсаған. Нәтижесінде Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды.

“Біз жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Университеттердің оқу жағдайларын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда, студенттерді белгілі бір мамандықтарға оқытуға деген көзқарасын жақсартуы үшін бұл өте маңызды. Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек дипломдар беретін болады”, – деп атап өтті білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Заңнамаға сәйкес, лицензиядан айырылған жағдайда білім алушылар семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз