Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

0
173
Photo: Polisia.kz

 23 қыркүйек сағат таңғы 06:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы “Алматы-Ташкент” тас жолында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысқан. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

6 адам оқиға орнында қаза тапты. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Көлік апаты бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жол-көлік оқиғасы себебі анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз