“Үздік педагог” Данияр Измаилов дүниеден озды

0
16,905

15 қыркүйекке қараған түні Атырау қаласында 18 жыл ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған Данияр Измаилов жүрек талмасынан 33 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Алматы БИЛ түлектерінің қауымдастығы хабарлады.

Данияр Измаилов 1988 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы қаласындағы Ақсай “Білім-инновация” лицейін (бұрынғы қазақ-түрік лицейі) бітіріп, 6 жыл сол жерде тәрбиеші болған. Сол уақыттарда Алматыдағы “Қазақ-Британ” техникалық университетінде бакалавр және Сүлейман Демирел атындағы университте магистратурада оқыған.

Кейін өзі тәмамдаған мектепте 3 жыл физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. Ұстаздық жолы одан әрі Талдықорған БИЛ-де жалғасты. Арада жыл өткен соң елордада қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінде 2 жыл және Нұрорда мектеп-лицейінде 5 жыл қызмет етті.

Атырау “Білім-инновация” лицейіндегі қызметінің екінші жылы басталған сәтте бақиға аттанды. Ұстаз болған 18 жыл ішінде физика пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған “ШЫҢ кітап” кітабын дайындады.

Марқұм 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының “үздік педагог” номинациясының үшінші орын иеленген еді.

Данияр Измаиловтың соңында екі қызы, жары қалды.

Отбасы, жора-жолдас, әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз