Қазгидромет 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды

0
206
фото:baribar.kz

16-18 қыркүйек күндері Қазақстанның біршама бөлігінде жаңбыр жауып, температураның төмендеуі күтіледі. Бұл туралы қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.

Бейсенбі, 16 қыркүйектен бастап елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республиканың орталығында жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ауа температурасының төмендеуі өңірлерде:

  • Батыста түнде 3-11 градустан 1-9-ға дейін төмендесе, күндіз 15-23 градустан 10-18-ге дейін төмендейді
  • Солтүстік-батыста түнде 7-12-ден 2-7-ге дейін салқындайды.
  • 18 қыркүйекте солтүстікте 3 градус үсік. Күндіз 17-25-тен 10-17-ге дейін, түнде 8-13-тен 2-10-ға дейін төмендейді.
  • Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-35 градус жылы болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз