Жекеменшік мектепте бала оқыту бағасы 50 пайызға қысқаруы мүмкін

0
173
фото: Ақтөбе газеті

Білім министрлігі 2020 жылғы 22 қаңтардағы “Жеке білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқу үшін ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы” бұйрыққа өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Құжат 16 тамызға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын және іске асыратын жекеменшік орта білім беру ұйымдарында оқу үшін оқу төлемақысының шекті мөлшерін белгілеу жоспарлануда:

  • Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 600 еселенген АЕК мөлшерінде;
  • Халықаралық Бакалавриат ұйымында авторизациядан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламалары 1200 еселенген АЕК мөлшерінде.

Биыл ата-аналардың төлемінің шекті мөлшері 1200 және 2400 АЕК болған.

Білім министрлігінің мәліметі бойынша, жеке білім беру ұйымдарында балаларға білім берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында ата-ана төлеуі керек сома 50% -ға қысқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз