Қазақстанда Ресей әскері қатарына қосылуды қызықтыратын жарнамалар шығуда

0
112

Ресей Федерациясы әскері қатарына қосылып, бес мың доллар сыйақы алуға шақыратын жарнамалар қазақстандықтардың интернет желілерінен шығып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz редакциясы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан – бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған әрі Ресеймен көршілес мемлекет. Онда 3 миллионға жуық этникалық орыс халқы тұрады. Дегенмен, Ақорда Мәскеудің Украинада жасап жатқан әрекетін “арнайы әскери операция” деп атауды құптамайды, деп жазылған агенттіктің хабарында. 

Жарнамалық үндеулер қазақтар үшін жоспарланғанына ұқсайды: онда ресейлік және қазақстандық тулар мен “Плечом к плечу”, яғни “иықпен иық” лозунгы бейнеленген. Жарнама берушілер 495 000 ресейлік рубль немесе 5 300 АҚШ доллары кіру ақысын берілетіні, сондай ақ 190 000 рубль немесе 2 000 АҚШ доллар жалақы сөз етілген. 

Жарнама беруші авторы ретінде Сахалин облысы адами капиталды дамыту Агенттігі көрсетілген. Ақпарат бойынша, интернет жарнама арқылы өткен адамға Ресейдің Алыс Шығыстағы Сахалин облысы әскері қатарына қосылу сайты шығады. 

Колл-центр операторлары жарнама туралы ақпарат беруден бас тартқан, ал электрондық поштаға жіберілген хаттар жауапсыз. 

Ақы үшін әскери конфликттерге қатысу Қазақстан заңы бойынша тыйым салынған. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз