Тамызда Қазақстанның үш өңірінде қатты құрғақшылық болады

0
327

Қазгидромет тамыз айының құрғақшылық болжамын нақтылады, деп хабарлайды kazaknews.kz.

Нақтыланған болжамға сәйкес, тамыз айында Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында қатты құрғақшылық болады деп күтілуде. 

Ал Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Қызылорда қаласында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Жамбыл облысының Қордай, Жуалы аудандарында және Тараз қаласының маңайында, Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Арыс, Отырар, Түркістан, Созақ және Сарыағаш аудандарында, Қостанай облысының Арқалық және Қарағанды қалаларының маңайларында бірқалыпты құрғақшылық күтілуде. 

Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деген болжам бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз