Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 4753-ке жетті

0
74
Photo: bloomberg.com

Қазақстанда тағы 63 адамнан коронавирус табылды. Олардың 45-і Нұр-Сұлтан қаласында. Атырау облысында жеті, Қарағанды облысында алты, Шымкент қаласында екі, Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысында бір-бір адамға вирус жұққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 8 мамыр 12.30-да хабарлады.

Осылайша, елде 4753 адамнан (жұмада 175 адам қосылды) коронавирус анықталды. 1518 адам дерттен айықты. 31 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, наурыздан бері елді 370 мыңнан астам тест алынған. Билік мамырдың соңына таман күніне 25 мың анализ алуды жоспарлайды.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз