Қазақстанда Covid-19 дертінен екі адам жазылды. Олар 26 наурызда ауруханадан шығады. Бұл туралы 25 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырған.
- Алматыда – 31 адам,
- Нұр-Сұлтанда – 41 адам,
- Қарағандыда – екі адам,
- Шымкентте – екі адам,
- Алматы облысында – бір адам,
- Ақтөбе облысында – бір адам,
- Жамбыл облысында – бір адам,
- Солтүстік Қазақстан облысында – бір адам
Қазақстанда коронавирустан қаза болғандар жоқ. Үкіметтің дерегінше, вирус жұқтырғандардың басым бөлігінде симптом жоқ я сәл қызуы көтерілген.